Қазақстан Өзбекстанмен шекарада тағы бір шекара бекетін ашты - kaz.caravan.kz
  • $ 487.73
  • 558.99
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Өзбекстанмен шекарада тағы бір шекара бекетін ашты

Қазақстан Өзбекстанмен шекарада тағы бір шекара бекетін ашты

Оңтүстік Қазақстан облысында Өзбекстанмен шекарада «Дархан» шекара бекеті ашылды. Бұл туралы ҰҚК Шекара қызметі мәлімдеді.

  • 20 Қазан 2014
  • 541
Фото - Caravan.kz

Бекет «Оңтүстік» аймақтық басқарманың Сарыағаш шекара жасағы құрамында жұмыс істейтін болады.

"Дархан" барлық қажетті инфрақұрылымы бар әскери қалашық болады. Онда шекарашыларға қажетті жағдайлар құрылған, офицерлік құрамға арнап үй, келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге арнап пәтер түріндегі жатақхана, казарма, жылқы қора салынған.

Мемлекеттік шекараны жарақтау шаралары жалғасады. Жыл соңына дейін тағы бірнеше кешен салынбақ.