«Біз Парламенттік ассамблея аясындағы жұмысымызды қарқындандыра түсуіміз қажет. Өйткені, вице-президент қызметінің арқалайтын жүгі зор», — деді Қ. Тоқаев.
Оның пікірінше, «еліміз өз делегациясын күшейтіп, бастапқы кезеңде құжаттар мен резолюциялар дайындау жұмыстарына белсене араласуы қажет». «Мен біздің депутаттардың алдына осындай міндет қойдым», — деді Қ.Тоқаев.
«Меніңше, Қазақстан конструктивті үлес қоса алады. Парламенттік ассамблея құрамындағы барлық парламентшілер осыған сенеді. Мен Қазақстан ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының әлеуетін нығайтуға өзіндік елеулі үлесін қоса алады дегенге күмәнсіз сенемін», -деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті