Қаза тапқандардың отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
«Экстремизмнің барлық түрімен күресте біз Францияны қолдаймыз және осындай зұлым қатерге төтеп беру ісінде халықаралық серіктестектермен бірігіп жұмысты жалғастырамыз», делінген хабарламада.
Сәрсенбі күні таңертең Charlie Hebdo сатира журналының редакциясы орналасқан ғимаратқа баса көктеп кірген лаңкестер қызметкерлерге оқ жаудырып, артынша көлікпен іздерін суытқан болатын. Салдарынан 12 адам мерт болып, бірнеше адам ауыр жарақатанды.
Лаңкестікке қарсы күрес — барша әлем қауымдастығының міндеті. Өзінің Twitter-дегі парақшасында Қазақстан Парламенті Сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаев 12 адамның өмірін жалмаған лаңкестік актіні айыптады.
«Париждегі терракт, журналистер қаза тапты. Зұлым іске ешқашан ақтау жоқ. Лаңкестікке қарсы күрес — барша әлем қауымдастығының міндеті», — делінген Қ.Тоқаевтың Twitter-дегі парақшасында.



