Қазақстан парламенті БҰҰ-ның азаптауға қарсы Конвенциясына қосымша факультативтік хаттаманы бекіту туралы заңды қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан парламенті  БҰҰ-ның азаптауға  қарсы Конвенциясына қосымша факультативтік хаттаманы бекіту туралы заңды қабылдады

Қазақстан парламенті БҰҰ-ның азаптауға қарсы Конвенциясына қосымша факультативтік хаттаманы бекіту туралы заңды қабылдады

Астана. 3 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Сенат депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста " БҰҰ-ның азаптауға және басқа да адамның қадір-қасиетін түсіретін қатігез жазаларды қолдану мен адамшылықтан жат қарым-қатынастарға қарсы Конвенциясына қосымша факультативтік хаттаманы бекіту туралы" заңды қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 3 Маусым 2008
  • 697
Фото - Caravan.kz

Хаттамада БҰҰ-ның азаптауға қарсы комитетінің азаптауға және басқа да адамның қадір-қасиетін түсіретін қатігез жазаларды қолдану мен адамшылықтан жат қарым-қатынастарға қарсы кіші комитетін құру қарастырылған.

Осы факультативтік хаттаманың үшінші бөліміне сәйкес оған қатысушы мемлекет өз аумағында БҰҰ-ның азаптауға қарсы комитетінің кіші комитетін қабылдап, оған бас бостандығынан айыру және тұтқында ұстау орындарына бару мүмкіндігін беруге; кіші комитеттің бас бостандығынан айырылғандардың азаптау мен басқа да адамның қадір-қасиетін түсіретін қатігез жазаларды қолдану мен адамшылықтан жат қарым-қатынастардан қорғалу мүмкіндігін күшейту үшін қабыллануға тиіс шаралар мен сұраныстарды бағалау үшін сұрайтын барлық тиісті ақпаратты беруге; кіші комитеттің осындай оқиғаға жол бермеу жөніндені нұсқауларын зерттку және оны жүзеге асыруға қажетті шаралар жөнінде онымен диалогқа шығуға міндеттеме жүктейді.

Хаттаманың төртінші бөліміне сәйкес, қатысушы мемлекеттер хаттама күшіне енгеннен, ол бкітілгеннен немесе оған біріккеннен кейін бір жылға дейінгі мерзімде ұлттық деңгейде азаптаудың алдын алу үшін бір немесе бірнеше ұлттық превентивті тетіктерді жасайды немесе тағайындайды.

Хаттамаға Қазақстан Респубдликасының президенті 2007 жылдың 25 қыркүйегінде қол қойды.

Заң президенттің қол қоюына ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті