Қазақстан парламенті "ЕурАзЭҚ аясында біртұтас кедендік аумақ пен кедендік одақ құру туралы келісімді бекіту туралы" заңды қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан парламенті "ЕурАзЭҚ аясында біртұтас кедендік аумақ пен кедендік одақ құру туралы келісімді бекіту туралы" заңды қабылдады

Қазақстан парламенті "ЕурАзЭҚ аясында біртұтас кедендік аумақ пен кедендік одақ құру туралы келісімді бекіту туралы" заңды қабылдады

Астана. 3 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Сенат депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "ЕурАзЭҚ аясында біртұтас кедендік аумақ пен кедендік одақ құру туралы келісімді бекіту туралы" заңды қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 3 Маусым 2008
  • 560
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, келісімнің 2 бабында кедендік одақтың жоғарғы органы болып табылатын мемлекеттік кеңес тізімде көрсетілген шаралар аяқталған соң тараптардың аумағын біртұтас кедендік аумаққа біріктіру және кедендік одақты құрып аяқтау туралы шешім қабылдайды.

Біртұтас кедендік аумақ құру өзара сауда-саттықта тауарлардың еркін қозғалысын қамтамасыз етіп, кедендік одақтың үшінші елдермен сауда-саттық жүргізуіне қолайлы жағдай жасайды, сондай-ақ, тараптардың экономикалық интеграциясын дамытуды қамтамасыз етеді.

Құжатта атап көрсетілгеніндей, » біртұтас кедендік аумақ құрылған сәттен бастап тараптар өзара сауда-саттықта кедендік баж салықтарын, сандық шектеулер мен басқа да соған парапар шараларды қолданбайды».

Бұл ретте «тараптар қоғамдық мораль, адамның өмірі мен денсаулығы, хайуанататр мен өсімдіктерді, қоршаған табиғи орта мен мәдени құндылықтарды қорғау шараларын, осындай тыйым немесе шектеу шаралары ақтауға келмейтін алалау немесе саудаға жасырын шектеу қою құралы болып табылмаған жағдайда өзара сауда-саттықта қорғаныс, демпингіге қарсы және компенсациялық шараларды, сондай-ақ, экспорт немесе импортты шектеу және тыйым салу шараларын қолдануға ешкім де кедергі жасамайды «.

Келісімге 2007 жылдың 6 қазанында Душанбеде ЕурАЗЭҚ-ты құру жөніндегі келісімнің аясында қол қойылды.

Заң президенттің қол қоюына ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті