Қазақстан парламенті мәжілісінің төрағасы болып Орал Мұхамеджанов сайланды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан парламенті мәжілісінің төрағасы болып Орал Мұхамеджанов сайланды

Қазақстан парламенті мәжілісінің төрағасы болып Орал Мұхамеджанов сайланды

Астана. 13 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан парламенті мәжілісінің төрағасы болып Орал Мұхамеджанов сайланды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 13 Қазан 2008
  • 564
Фото - Caravan.kz

Парламент мәжілісінің жалпы отырысы барысындағы үзілісте құпия дауыс беріліп, соның нәтижесінде Қазақстан парламенті мәжілісінің төрағасы болып Орал Мұхамеджанов бір дауыстан сайланды.

О. Мұхамеджановтың кандидатурасын «Нұр Отан» ХДП парламенттік фракциясы ұсынды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бүгін Елбасы бірқатар тағайындаулар жасады. Атап айтсақ, «Қазына — Самұрық» қорының басқармалары төрағасы болып Қайрат Келімбетов тағайындалды. Оның орнына президент әкімшілігінің жетекшісі болып бұған дейін мәжіліс төрағасы болған Аслан Мусин тағайындалды. Басқа қызметке ауысуына байланысты Әділбек Жақсыбеков «Нұр Отан» ХДП төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды. Бұл қызметке бұған дейін президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары болған Дархан Қалетаев тағайындалды. Президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары орынтағына Павлодар облысының бұрынғы әкімі Қайрат Нұрпейісов отырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар