Қазақстан парламенті қабылдаған заңдарға өзгертулер мен толықтырулар шектеусіз енгізіледі - сарапшы - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан парламенті қабылдаған заңдарға  өзгертулер мен толықтырулар шектеусіз енгізіледі  - сарапшы

Қазақстан парламенті қабылдаған заңдарға өзгертулер мен толықтырулар шектеусіз енгізіледі - сарапшы

Астана. 22 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан парламенті қабылдаған заңдарға өзгертулер мен толықтырулар шектеусіз енгізіледі . Бұл туралы бүгін "Қазақстандағы парламентаризм: қазіргі ахуалы және даму келешегі" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік бас қосу барысында ҚР ҰҒА академигі Салық Зиманов пікір білдірді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 22 Қараша 2007
  • 427
Фото - Caravan.kz

«Біз заңдар мен заңдар қатарына қапыда басымызға келген ой ұшқындарын да тықпалап енгізе береміз, сосын бір, екі , үш жылдан кейін өзгерістер мен толықтырулар енгізуға тура келгенде әлгі ойларымыздан опық жеп жататынымыз бар», — деді ол.

С. Зиманов мысал ретінде «Зейнетақы қамтамасыздығы туралы» заңды атады. Ғалымның айтуынша, 1997 жылы қабылданған осы заңға «осы жылдардың ішінде мыңдаған өзгертулер енгізілді. Бұрынғы қалпын сақтап қалған бір де бап қалмады», -деді С. Зиманов.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті