Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, келісімде екі мемлекеттің үшінші елдердің азаматтары үшін берген туристік визалары өзара танылатын Қазақстан мен Қырғызстанның шекаралық аумақтары нақты айқындалған.
Әр тараптың ұлттық заңнамасына сәйкес үшінші елдің азаматтарына берілген сол елдің аумағына келу, сонда болу және шығуға арналған туристік визалар олардың иелеріне аталған шекаралық аймақ аумағында, шетел азаматтарының баруына тыйым салынған аумақтардан өзге жерлерге көп жақты өткізу пункттері арқылы виза уақытында ешбір кедергісіз кіріп-шығуға құқық береді.
Келісімге 2007 жылдың 26 сәуірінде Бішкекте қол қойылған.
Заң президенттің қол қоюына ұсынылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті