Жарияланды: 620

Қазақстан парламентінде меншіктің мемлекеттік мониторингі туралы заң жобасы бойынша сенат пен мәжіліс арасындағы келіспеушілікті еңсеру жөніндегі комиссия құрылды

Астана. 25 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан парламентінде "Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі туралы" Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бойынша сенат пен мәжіліс арасындағы келіспеушілікті еңсеру жөніндегі комиссия құрылды. Мәжіліс депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста осындай шешім қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін