Жарияланды: 520

Қазақстан премьері Қырғызстанға шілдеде барады

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жексенбіде Қырғызстан премьер-министрі Алмазбек Атамбаевпен кездесті.

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды, деп хабарланған мемлекет басшысының баспасөз қызметінен таралған хабарламада. Кездесуден соң А.Атамбаев журналистерге "Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы қатынастар жаңа сатыға көтеріліп отыр. Бұл шынайы адал әрі достық қатынас", деп атап өтті. Сонымен қатар оның айтуынша, Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов Қырғызстанға шілдеде бармақ. "Осы айда Бішкекке Қазақстан премьер-министрі бастаған делегация келмек, өз ара интеграция, ынтымақтастық туралы бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылады", деді А.Атамбаев. Алдында хабарланғандай, жексенбіде сондай-ақ К.Мәсімовтің А.Атамбаевпен кездесуі өткен, онда сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері талқыланған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін