Жарияланды: 60

Қазақстан Премьер-Министрі Ә. Смайылов Қырғызстан Министрлер кабинетінің Төрағасы А. Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан Премьер-Министрі Ә. Смайылов Қырғызстан Министрлер кабинетінің Төрағасы А. Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің Төрағасы Ақылбек Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті.


Бұл туралы Caravan.kz порталы primeminister.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің Төрағасы А. Жапаров Ә. Смайыловты Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтап, ҚР-да тұрақтылықтың тезірек қалпына келуіне және елдің әлеуметтік-экономикалық даму міндеттерінің табысты шешілуіне тілектестігін білдірді.

Тараптар стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін білдірді. «Қазақстан Үкіметі бауырлас Қырғыз Республикасымен стратегиялық серіктестікті тереңдету бағытын берік ұстанады», — деді Ә. Смайылов.

Екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін