Жарияланды: 450

Қазақстан премьер-министрі еліміздегі миссиясы аяқталуға байланысты Куба елшісі Тересита Капоте Камачомен кездесті

Астана. 14 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін үкімет үйінде Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов Куба Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Тересита Капоте Камачомен кездесті, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында қазақстан-куба екіжақты сауда- экономикалық қарым- қатынастарының даму перспективалары мен қазіргі жағдайы, сондай-ақ, денсаулық сақтау және спорт салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Премьер-министр дипломатиялық өкілеттігі аяқталып жатқан Тересита Камачоға Қазақстан мен Куба арасындағы байланыстардың дамуына үлес қосқаны үшін ризашылығын жеткізді. Өз кезегінде Т.Камачо екіжақты қатынастарды дамыту ісіндегі қолдауы мен ынтымақтастығы үшін премьер-министрге алғысын айтты. Кездесу соңында тараптар экономикалық және мәдени- гуманитарлық салалар бойынша Қазақстан мен Куба арасындағы байланыстардың әрі қарай тереңдей түсетініне сенім білдірді. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть