Жарияланды: 430

Қазақстан премьер-министрі Латвия президенті Валдис Затлерспен кездесті

Астана. 3 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов Латвия президенті Валдис Затлерспен кездесті.

Тараптар екі жақты қазақстан-латвия қарым-қатынастарының даму перспективалары мен жағдайын талқылады. К. Мәсімов Қазақстан мен Латвия экономиканың әр түрлі салаларындағы экономикалық ынтымақтастықты белсенді дамыту қажеттігін, сондай-ақ бизнес өкілдері арасындағы өзара іс-қимылды кеңейтуге әрекет етулері керек екендігін атап өтті. Тараптар энергетикалық, көлік және ауыл шаруашылық саласындағы, ақпараттық және коммуникациялық технология, сондай-ақ білім беру, денсаулық сақтау, туризм мен спорт салаларындағы екі жақты экономикалық өзара қарым-қатынастарды дамытуға мүделілік білдірді. Сонымен бірге Қазақстан мен Латвияның экономикалық өзара іс-қимыл әлеуеті тауар айналымы операциясынан сапалы өзара іс-қимылдың жаңа түріне - әр түрлі саладағы жүйелі инвестициялық жобаларды іске асыруға өтуге мүмкіндік беретінін атап өтті. В. Затлерс келешекте "Қытай-Қазақстан-Ресей-Балтия" көлік дәлізін пайдалануда және іске асыруда қарқынды өзара іс-қимыл Қазақстан үшін - Еуропаға, Латвия үшін - Азияға қақпа ашатынын" атап көрсетті. Кездесудің соңында тараптар Қазақстан-Латвия экономикалық қарым-қатынастарының келешектегі дамуы табысты болатынына сенім білдірді. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін