«Үстіміздегі жылдың екінші жартысында біз Қазақстанның президенті Венгрияға ресми сапармен келеді деп күтудеміз»,- деді К. Сили.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстан мен Венгрия арасындағы экономикалық ынтымақтастық туралы келісім әзірленуде, оған «үстіміздегі жылдың екінші жартысында қол қойылады», осы құжаттың негізінде сауда, туризм, ағарту және экономика жөніндегі Қазақстан-Венгрия комиссиясы құрылатын болады.
«Біз президент Н. Назарбаевпен инвестиция алмасу туралы және қазақстандық қуат ресурстарының Еуропа арқылы транзитіне қатысуға Венгрияның дайын екендігі туралы әңгімелестік»,- деп атап өтті К. Сили. Сонымен қатар, оның айтуынша, әңгіме барысында фармакология, ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеудегі ынтымақтастық мүмкіндіктері, сонымен қатар жоғарғы оқу орындарының студенттері мен оқытушыларын алмасу мүмкіндігі талқыланған. Сондай-ақ Астана — Будапешт әуе қатынастарын қалпына келтіру туралы мәселе де қозғалған.
Венгрияның мемлекеттік жиынының төрайымы Қазақстан Республикасының президенті ұсынып отырған конституциялық реформаны жоғары бағалады. «Бұл реформалар Қазақстандағы демократияны алға жылжытады»,- деп санайды ол.
2006 жылы Қазақстан мен Венгрия арасындағы тауар айналымы 150,86 млн АҚШ долларын құраған. Қазіргі уақытта елімізде Қазақстан мен Венгрия бірлескен 58 кәсіпорын жұмыс істеуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті