Қазақстан президенті Алматы мен Алматы облысының әкімдеріне қатаң сөгіс жариялады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президенті Алматы мен Алматы облысының әкімдеріне қатаң сөгіс жариялады

Қазақстан президенті Алматы мен Алматы облысының әкімдеріне қатаң сөгіс жариялады

Астана. 15 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Алматы мен облыста заңсыз құрылыс салуға жол бергендері үшін Алматы әкімі Иманғали Тасмағамбетов пен Алматы облысының әкімі Серік Үмбетовке қатаң сөгіс жариялады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 15 Қараша 2007
  • 604
Фото - Caravan.kz

«Алматыда заңсыз салынған құрылыстардың мәселесі ел заңдарын озбырлықпен белден басудың кесірі, ол үшін ұзақ уақыт бойы ешкім жауапкершілік жүктеген жоқ», — деді президент. «Облыс әкімі С.Үмбетов пен Алматы әкімі И.Тасмағамбетовтың жауапкершілігіне келетін болсақ. Сеніп тапсырылған жұмыс учаскесінде бақылауды босаңсытып алғандарыңыз үшін сіздерге қатаң сөгіс жариялаймын», -деді Н. Назарбаев.

Оның айтуынша, «үкімет бастаған жұмыстарды жалғастырып, аяғына дейін жеткізу қажет». «Сол себепті тек Алматы мен Алматы облысының әкімдеріне ғана емес, үкімет пен барлық облыс әкімдеріне айрықша қорғаудағы табиғи аумақтарда тиісті тексерулер жүргізуді тапсырамын. Олар құқықты мақсатында пайдаланылуға тиіс», — деді мемлекет басшысы.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті