Қазақстан президенті Астана әуежайында БАӘ президентін күтіп алды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
0 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президенті Астана әуежайында БАӘ президентін күтіп алды

Қазақстан президенті Астана әуежайында БАӘ президентін күтіп алды

Астана. 15 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кеше Астана әуежайында Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті шейх Халифа Бен Заид әл-Нахаянды күтіп алды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 15 Шiлде 2008
  • 424
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, бүгін екіжақты келіссөздер жүргізіліп, онда саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланады деп жоспарланып отыр.

Сондай-ақ мәртебелі мейман Астананың көрікті жерлерін аралап, елорданы дамыту жоспарымен танысады. «Бұл сапар екі ел арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі қуатты дамуына айрықша серпін береді деп күтілуде», — деп көрсетілген жарияланған хабарламада.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Шейх бұған дейін Қазақстанда бірнеше рет болғанымен, бұл оның ел президенті мәртебесіндегі алғашқы ресми сапары ретінде белгіленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті