Жарияланды: 500

Қазақстан президенті бірқатар тағайындаулар жасады

Астана. 7 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті бірқатар тағайындаулар жасады, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтсақ, президенттің өкімімен Ратмир Әлімханұлы Комратов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы болып тағайындалды және ол "Батыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды; Әлімжан Қанағатұлы Ерниязов "Батыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды; Әлихан Бірімжанұлы Жарболов "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды; Ерлан Тынымбайұлы Қарин басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды; Болат Керімжанұлы Дарбеков "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды; Асхат Өлмесұлы Шойынбаев Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы қызметінен босатылды. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін