Қазақстан президенті Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директорымен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президенті Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директорымен кездесті

Қазақстан президенті Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директорымен кездесті

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Швейцарияда Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директоры Роберто Азеведомен кездесті.

  • 24 Қаңтар 2014
  • 432
Фото - Caravan.kz

Мемлекет басшысы баспасөз қызметінің хабарлауынша, келіссөздер барысында Қазақстанның ДСҰ-на кіру жөніндегі келіссөздері жайлы сөз болды.

«Р.Азеведоның пікірінше, Қазақстан үшін ДСҰ-на мүше мемлекеттермен импорттық кеден бажы жөніндегі міндеттемелерді Ресеймен үйлестіру мәселесін келісіп алу ғана қалды», — делінген хабарламада.

Р.Азеведо Н.Назарбаевты «ДСҰ хатшылығы Қазақстанды ұйым қатарына қабылдау жөніндегі келіссөздердің мүмкіндігінше тезірек аяқталуына барынша қолдау көрсетеді» деп сендірді.