Қазақстан президенті еліміз мұсылмандарын Ораза айт мерекесімен құттықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президенті еліміз мұсылмандарын Ораза айт мерекесімен құттықтады

Қазақстан президенті еліміз мұсылмандарын Ораза айт мерекесімен құттықтады

Астана. 12 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев еліміз мұсылмандарын Ораза айт мерекесімен құттықтады. "Мен барша мұсылмандарды Ораза айт мерекесімен құттықтағым келеді",- деді мемлекет басшысы "Қазақстан -2030" стратегиясының қабылдануына 10 жыл толуына арналған халықаралық конференция шеңберінде өткен брифингте.

  • 12 Қазан 2007
  • 391
Фото - Caravan.kz

«Осынау қасиетті рамазан айында барша мұсылмандар елімізде тыныштық пен бейбітшілік болсын, мемлекетіміз гүлденсін, тұрмыс-тіршілігіміз жақсарсын, өзіміз болашаққа нық сеніммен қарайтын болайық деп тілек тіледі деп ойлаймын, менің сиынышым да — осы» ,- деді ол.

Мемлекет басшысы қазақстандықтарға зор денсаулық, табыс пен отбасында ырыс тіледі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті