«Мен болашақта Еуропалық одақтың үлгісімен Еуразиялық одақтың құрылатынына сенемін», — деп мәлімдеді Н. Назарбаев. «Мұны біздің үлкен — Еуразия құрлығы талап етіп отыр», — деп атап көрсетті ол.
Қазақстан басшысы Еуропа мен Азияның көптеген тарихи, және экономикалық байланыстар араластырған біртұтас құрлық екенін атап өтті. «Күш-жігерлерді бірлестірмейінше болашақта қазіргі заманның қатерлерімен тиімді күресіп, қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мүмкін емес», — деп атап көрсетті ол.
Н. Назарбаев Астана қаласының Еуразия құрлығының географиялық ортасында орналасқанын да атап өтті. «Болашақ Еуразия одағының орталығын Астанада құруды ұсынамын», — деді Қазақстан президенті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті