Жарияланды: 560

Қазақстан президенті Грузия мен Оңтүстік Осетия арасындағы қақтығысты ретке келтіру үшін күш салуды ұсынды

Алматы. 8 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті Грузия мен Оңтүстік Осетия арасындағы қақтығысты ретке келтіру үшін күш салуды ұсынды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі NEWSru-ға сілтеме жасай отырып.

Интернет-ресурстың мәліметтеріне сүйенсек, Н. Назарбаев Ресей Федерациясының премьер-министрі Владимир Путинмен Қытайда болған кездесуде ТМД елдері осы жағдайға (әскери іс-әрекеттерге - агенттік ескертпесі) тиісті баға беру қажеттігі және оны тоқтату бойынша күш-жігер жұмсау туралы Путиннің айтқан пікірімен келісті. Ол сондай-ақ, қалай болған да бейбіт шешімге балама жоқтығына үміт білдірді, деп хабарлайды NEWSru. Сонымен қатар, Н. Назарбаев "Оңтүстік Осетияға қатысты қолданылатын іс-әрекеттер туралы хабарландырмау арқылы Грузия басшылығының дұрыс жасамағандығы" жөнінде мәлімдеді. Қазақстан президенті ТМД елдеріне қатысты бітімгерлер мәселесі шешілер кезде ол ұйғарымды барлығы бірлесе отырып қабылдағанын еске салды. "Қазақстан президенті Грузия басшылығы бұл әрекеттерді Олимпиада қозғалысы болып жатқан кезде жасап, шынында қателікке ұрынғанын атап көрсетті. Олимпиада кезінде бейбітшілік орнауы тиіс", - деп хабарлайды NEWSru Елбасының сөзін келтіре отырып. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть