Қазақстан президенті мемлекеттік сапармен Монғолияға барады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президенті мемлекеттік сапармен Монғолияға барады

Қазақстан президенті мемлекеттік сапармен Монғолияға барады

Астана. 4 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - 6-7 тамызда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік сапармен Монғолияға барады. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

  • 4 Тамыз 2008
  • 445
Фото - Caravan.kz

«Монғолия жағының шақыруымен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 6-7 тамызда ресми сапармен осы елге барады. Сапар барысында месмлекет басшысы ел басшылығымен келіссөздер жүргізеді. Олардың қорытындысы бойынша түрлі салаларда бірқатар құжаттарға қол қою межеленген. Сапар шеңберінде сонымен қатар екі елдің іскерлік өкілдерінің қатысуымен экономика саласында бірқатар келешегі бар жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастыру үшін бизнес-форум өткізу жоспарланған»,- деді Е.Ашықбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті