Қазақстан президенті мен Америка Құрама Штаттарының жаңадан сайланған президенті Барак Обама телефон арқылы сөйлесті
Астана. 19 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Америка Құрама Штаттарының жаңадан сайланған президенті Барак Обама телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. |
Нұрсұлтан Назарбаев әріптесін сайлаудағы айқын жеңісімен құттықтап, оған денсаулық және алдағы жауапты қызметіне табыстар тіледі. Мемлекет басшысы Қазақстан тарапының АҚШ-пен арадағы қатынастарды одан әрі дамытуға, екіжақты өзара іс-қимылдың барлық бағыттары бойынша байланыстарды нығайтуға мүдделі екенін атап көрсетті.
Өз кезегінде, Барак Обама Қазақстан басшысына жылы лебізі үшін ризашылығын білдірді. Ол АҚШ-тың жаңа әкімшілігінің Қазақстанмен әріптестік қарым-қатынасты және ынтымақтастықты нығайтуға дайын екендігін атап көрсетті.
Әңгіме барысында сондай-ақ жаһандық және өңірлік қауіпсіздік саласындағы Қазақстан-АҚШ өзара ықпалдастығы, ағымдағы халықаралық саясат мәселелері, сондай-ақ әлемдік қаржы дағдарысының салдарын жою жолдары талқыланды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін