Қазақстан Президенті наурыз айының ортасында халыққа Үндеу жариялайды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Президенті наурыз айының ортасында халыққа Үндеу жариялайды

Қазақстан Президенті наурыз айының ортасында халыққа Үндеу жариялайды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев наурыз айының ортасында ел халқына Үндеу жолдайды.

  • 8 Ақпан 2022
  • 80
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті, деп жазды Caravan.kz медиа порталы.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11 қаңтар күні өткен Мәжіліс отырысында азаматтық қоғаммен және сарапшылармен арадағы диалог негізінде саяси реформалардың жаңа топтамасы әзірленеді деп мәлімдеген болатын.

Осыған байланысты Мемлекет басшысы наурыз айының ортасында халыққа Үндеу жариялауды жоспарлап отыр.


Бұл Үндеуде реформалардың негізгі бағыттары мен қоғамды саяси трансформациялауға бағытталған аса маңызды шаралар айқындалады», — деп жазды Б.Уәли Facebook-те.