Қазақстан Президенті наурыздың соңында Нидерландыға барады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Президенті наурыздың соңында Нидерландыға барады

Қазақстан Президенті наурыздың соңында Нидерландыға барады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев наурыздың соңында Нидерландыға ресми сапармен барады.

  • 17 Наурыз 2014
  • 427
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлімдеді.

Нидерланды үкімет басшысы Марк Рюттенің шақыруымен биыл 23 наурызда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Нидерландыға ресми сапармен барады», — деп ол бүгін Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен қысқаша баспасөз мәслихатында атап көрсетті.

24-25 наурызда Н.Назарбаев Гаагада өтетін ядролық қауіпсіздік жөніндегі кезекті саммитке қатысады.


Келіссөздер қорытындысы бойынша екіжақты құжаттарға қол қойылады.