Қазақстан президенті отандық кәсіпкерлерді шетелдік инвесторлардан өнеге алуға шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президенті отандық кәсіпкерлерді шетелдік инвесторлардан өнеге алуға шақырды

Қазақстан президенті отандық кәсіпкерлерді шетелдік инвесторлардан өнеге алуға шақырды

Қазақстан президенті отандық кәсіпкерлерді шетелдік инвесторлардан өнеге алуға шақырды. Бүгін, 25-қарашада Алматыда шетелдік инвесторлар кеңесінің 14-ші жалпы отырысында сөз сөйлеген президент Нұрсұлтан Назарбаев отандық кәсіпкерлерге осындай ұсыныс тастады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 25 Қараша 2005
  • 451
Фото - Caravan.kz

Мемлекет басшысы игерілген тікелей шетелдік инвестициялардың жан басына шаққандағы көлеміне қарай Қазақстанның ТМД елдері арасында алдыңғы орында екенін атап өтті. «Жалпы тәуелсіздік жылдарында елімізге 40 млрд. доллардың тікелей инвестициялары тартылды. Ал қазір өз иелігіміздегі негізгі капиталға салынған ішкі инвестицияның көлемі шамамен 70 млрд. долларға жетті»,- деді Н.Назарбаев.

«Шетелдік инвесторлардан Қазақстан көп нәрсе үйренді. Ендігі кезекте отандық кәсіпкерлеріміздің өздері шетелдік инвестор болып үйренуі қажет»,- деді президент.