Жарияланды: 440

Қазақстан президенті Павлодар облысының жаңа әкімінің алдына бірқатар мақсаттар қойды

Павлодар. 30 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің жұмыс сапары барысында Павлодар облысының атқамінерлерімен кездесуде өңірдің жаңа әкімі Бақытжан Сағынтаевтың алдына бірқатар мақсаттар қойды: электр қуатын дамыту, инвестиция тарта отырып өнеркәсіпті дамыту, шағын бизнесті қолдау, әлеуметтік жағынан аз қорғалған азаматтарды қолдау, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Әлеуметтік жағынан аз қорғалған азаматтарды қолдау мәселесін ерекше бақылауға алуды тапсырамын. Бағаның, әсіресе, азық-түлік бағасының қымбаттауынан жағдайлары одан бетер нашарламауы үшін олар мемлекеттің көмегін алуға тиіс. Өңірде инфляцияның өсуіне жол бермеуге шара қолдануды жүктеймін. "Ертіс" ӘКК-мен жүргізілетін жұмыстарды қарқындандыру қажет",- деді президент. Мемлекет басшысы Павлодар облысында Қазақстанда өндірілетін қиыршық тастың 100%, ферроқорытпалардың 74% , көмірдің 60% астамы, электр қуатының 41% астамы өндірілетінін атап өтті. "Тұрғын үй құрылысына жыл басынан бері 6,5 млрд теңге жұсталған, бұл өткен жылғыдан 1,5 есе артық", -деді президент. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть