Жарияланды: 780

Қазақстан президенті Петропавловск қаласындағы "ЗИКСТО" зауытында болды

Петропавловск. 21 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Петропавловск қаласындағы "ЗИКСТО" зауытында болды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Кәсіпорынның бас директоры Игорь Коровиннің айтуынша, зауыт негізінен жартылай вагондар мен вагондардың, цемент тасымалдайтын машиналардың қызмет ету мерзімін ұзарту, дөңгелек жұптарын жасау және жөндеу, арнаулы өнімдер мен тұтыным тауарларын шығарумен айналысады. "Зауыттың өндірістік қуаты 3600 млн теңгеге тең, өнімдерін Қазақстан мен Ресей Федерациясына сатамыз", - деді И. Коровин. Оның айтуынша, ағымдағы жылдың 6 айында өндіріс көлемі 1962,5 млн теңгені құрады, бұл өткен жылдың тиісті мерзімінен 74% артық. 2008 жылы жаңа теміржол вагондарын жасауды қосқанда өнім мөлшері 3300 млн теңге болады деп күтілуде. "Қазір зауытта екі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда", - деді кәсіпорынның бас директоры. Оның айтуынша, "Қазіргі бар өндіріс алаңдарында жаңа жүк вагондарын құрастыратын өндіріс орнының негізін қалау" атты жобаның құны - 565 млн теңгеге тең. Жобаны жүзеге асыру аясында аумағы 3600 шаршы метр болатын вагон құрастыратын цехты реконструкциялау, темір жолды жеткізу көзделуде. Жарты вагонның тәжірибелік үлгісін "НВЦ "ВАГОНЫ" (Санкт-Петербург) кәсіпорны мен ҚТЖ ҰК АҚ қабылдады. Қазір бұл жарты вагон Санкт-Петербургте жылжымалы құрамның сынақ орталығында тұр. "Бүгінде сынақтардың оң нәтиже бергені белгілі. Вагондарды сериялы өндіріске жіберуге шешім қабылданды", - деді И. Коровин. Оның айтуынша, "қазір балқытылған металл сқйықтарын тасымалдауға арналған хоппер-вагондар жасалу үстінде. Ағымдағы жылдың аяғына дейін 30 дана жарты вагонды дайындау жоспарлануда". Н. Назарбаев инвестициялық жобаның жүзеге асырылу барысын мақұлдады. "Дамып келе жатқан экономикаға жүк тасымалы қажет", - деді мемлекет басшысы. Н. Назарбаевтың пікірінше, "ЗИКСТО" АҚ зауытында инвестициялық жобаны жүзеге асыру Қазақстандағы вагондардың тапшылығын қысқартуға мүмкіндік береді. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть