Жарияланды: 630

Қазақстан президенті ҚХР бұрынғы төрағасымен кездесті

Астана. 11 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР-дың бұрынғы төрағасы Цзянь Цзэминде қонақта болды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі мемлекет басшысының баспасөз қызметінің хабарламасына сілтеме жасай отырып.

Қазақстан басшысы Цзянь Цзэминді Қытайдың зор жетістігі - 29-шы жазғы Олимпиада ойындарының өткізілуімен құттықтады. "Бұл сіздің еңбегіңіз. Пекин қаласында Олимпиада өткізу туралы шешім елдің жетекшісі сіз болып тұрған кезде қабылданып еді ғой", - деді Н. Назарбаев. Қазақстан басшысы тек өзінің досы ретінде ғана емес, жаңа заманның ірі қайраткері ретінде танитын Цзян Цзэминмен кездесу мүмкіндігіне ие болғанына қуанышты екенін жасырмады. Цзян Цзэминнің басқаруы кезінде Қытай жарқын экономикалық табыстар мен халықтың әл-ауқатының артуына қол жеткізді және өзінің халықаралық беделін көтере бастады. Осы жылдары Қытай мен Қазақстан арасында нағыз достық қатынастар орнады. "Қатынастарымыз орнай бастаған кезде Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда бар болғаны 400 млн АҚШ долларын құрайтын еді. Қазір ол көрсеткіш жылына 15 млрд долларға жетті. Біз стратегиялық салаларда, бірінші кезекте, энергетика саласында ынтымақтасамыз. Жақында Каспий теңізі мен Батыс Қытайды жалғастыратын мұнай құбырының құрылысы аяқталады. Қазақстан аумағы арқылы газ құбыры салынады. Қытай капиталының қатысуымен газ өңдейтін жаңа зауыт салынады. Біз жаңа темір жолдар мен көлік жолдарын салуды жоспарлап отырмыз. Осының барлығын бастаған Сіз болатынсыз", - деп атап көрсетті Н. Назарбаев. Мемлекет басшысы екі ел арасындағы шекара мәселесін шешудегі, Шанхай ынтымақтастық ұйымын құрудағы Цзян Цзэминьнің атқарған рөлін айрықша атап өтті. ҚХР бұрынғы төрағасы Қазақстан президентіне осы бағалаулары үшін алғыс айтып, өзі үшін Қазақстан басшысымен қалыптасқан достық қатынастар аса маңызды екенін атап өтті. "Менің шетел мемлекеттерінің басшыларымен кездесулерім өте көп болды. бірақ солардың арасында ең жиі кездескен мемлекет басшысы Сіз болдыңыз. Нақты айтсам 15 мәрте кездесіппіз. Барлығы менің есімде. Әсіресе, 2002 жылы мен сізде қонақ болған кездегі менің есімде ерекше сақталыпты. Біз сол күні көп ән шырқаған едік", - деп еске салды Цзян Цзэминь. Ол екі ел арасындағы қатынастар достық пен ынтымақтастық аясында дамып келе жатқанына ризашылығын білдірді. Цзян Цзэминь Қазақстанның экономикалық табыстарын өз назарынан тыс қалдырмайтынын және Астана қазіргі заманның сәулетті қаласына айналғанын білетінін мәлімдеді. Н. Назарбаев Қытай саясатының патриархын өзіне қолайлы уақытта Қазақстан астанасына келіп қайтуға шақырды. Цзян Цзэминь Қазақстан спортшыларына Пекин Олимпиадасында табысты өнер көрсетуді тіледі. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін