Жарияланды: 350

Қазақстан президенті Қостанай облысына келді

Қостанай. 21 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қостанай облысына келді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Елбасы ұшағы Қостанай қаласына түс кезінде келіп қонды. Н. Назарбаев облыстың Қостанай ауданының егіс алқаптарын аралады. Қазіргі уақытта мемлекет басшысы "Тобыл" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясында жиналыс өткізуде. Онда барлық 7 ӘКК басшылары жиналған. Сапар аясында президент қостанайлықтарды қаланың 129 жылдығымен құттықтап, рапс майын өндіретін зауытты тамашалайды деп жоспарланып отыр. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін