Жарияланды: 440

Қазақстан президенті ресми сапармен Канадаға аттанып кетті

Бүгін, 23-маусымда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Канадаға аттанып кетті. Бұл туралы ҚР Елбасы әкімшілігінің баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлады.

Сапар бағдарламасына сәйкес Елбасы Канаданың генерал-губернаторы Адриенн Кларксон, премьер-министр Жан Кретьен, сенат спикері Дэниэл Хэйс мырзалармен, және бірқатар үкімет мүшелерімен кездеседі деп күтілуде. Сапар аясында екі жақты құжаттарға қол қойылады. Сонымен бірге, президент Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан - Орталық Азиядағы інжу маржан" тақырыбындағы сауда-инвестициялық бас қосуға қатысып, Оңтүстік Альберта Технологиялық институтында сөз сөйлейді , сондай-ақ, Канада патшалық полициясының колледжінде қонақта болады деп межеленген.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін