Жарияланды: 420

Қазақстан Президенті ШЫҰ төрағалығын Қытай Халық Республикасына берді

Қазақстан Президенті ШЫҰ төрағалығын Қытай Халық Республикасына берді

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына төрағалықты Қытай Халық Республикасына тапсыратыны туралы мәлімдеді.

«Біздің отырыстың күн тәртібіндегі мәселелер түгесілді. Кімде-кім айтылған ұсыныстар мен баяндамаларға қатысты сұрақ қоя ма? Егер болмаса, төрағалық етіп отырған ел атынан Сіздерге жемісті жұмыс пен сындарлы диалог үшін алғыс айтып, Қазақстанның Шанхай ынтымақтастық ұйымына төрағалықты Қытай Халық Республикасына тапсыратыны туралы мәлімдеуге рұқсат етіңіздер», - деді Н.Назарбаев. ҚР Президенті ШЫҰ мүше-мемлекеттер басшыларын кездесудің қорытынды құжаттарына қол қоюға шақырды. Құжаттарға қол қойылғаннан кейін бұқаралық ақпарат құралдарына арналып баспасөз мәслихаты өткізіледі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін