«Сапарлардың мазмұнды бөлігінде мемлекет басшысының Орталық және Шығыс Еуропа елдері президенттері, премьер-министрлері мен парламент спикерлерімен кездесулер жоспарланған. Көзделген келіссөздер еліміздің Орталық және Шығыс Еуропа өңіріндегі өскелең рөлін көрсетуі тиіс және Қазақстанның Еуроодақпен ынтымақтастығының маңызды бағыттарын қамтиды»,- деді Е.Ашықбаев.
Өкілдің айтуынша, «Братислава, Бухарест пен Будапешт Қазақстанды Еуропалық рынокқа тек көмірсутегілерінің жеткізіп берушісі ретінде ғана емес, сондай-ақ құрлықтың азиялық бөлігі тауарларының балаламалы жолдары тұрғысынан қарастырады».
«Осы өңір елдерімен ынтымақтастығымызды тереңдету халықаралық сахнадағы біздің мүдделерімізді ілгерілетуде оңтайлы ықпалын тигізеді. Аталған елдердің халықаралық құрылымдардағы мүшелігін ескере отырып, (ЕҚЫҰ, ДСҰ, НАТО, Еуропарламент ) Қазақстан өзінің халықаралық бастамаларын қолдауына үміттенеді»,- деді ол.
«Жалпы алғанда, ҚР президентінің болашақ мемлекеттік сапарлары екі жақты серіктестікті дамытуда, Қазақстан мүдделерін ЕО-да ілгерілетуде шешуші мәнге ие болады»,- деді СІМ өкілі.
СІМ ақпаратына сәйкес, сапар барысында халықаралық және өңірлік проблемаларды, екі жақты қатынастардың одан әрі даму мәселелері қарастырылып, бір қатар келісімдерге қол қойылады деп күтілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті