«Қазақстандық компаниялардың рейтингі құлдыраған кезде көреміз», -деді Н. Назарбаев.
Мемлекет басшысы батыстың рейтингтік агенттіктерінің Қазақстанның елдік рейтингін төмендетуін «обьективті емес әрі алыпсатарлық сипатта» деп бағалады. «Бұл кейбір арнаулы компаниялардың бағаны түсіре келе, акцияларды сатып алуға жасап отырған ойыны», — деген сенімде президент.
«Дүниежүзі бойынша алғанда еліміздің өсім қарқыны аса жоғары, банк жүйесі тұрақты, бірақ соған қарамастан, рейтингті төмендетіп отыр. Ал біздің банкирлеріміз бен мамандарымыз болса сарапшылармен жұмыс істеуге қарымы жетпей, жағдайдың керісінше екенін, ешбір нашарлаудың болмағанын дәлелдей алмады», — деді ол. «Кеше осы жөнінде сөз қозғалды: біз еліміздегі экономикалық ахуал туралы көбірек айтуға, Қазақстан үшін ешбір қауіп жоқ екенін, біздің банктердің рейтингін төмендетуге нақты негіз жоқтығын талмай айта беруге тиіспіз», — деді Н. Назарбаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті