Екеуара әңгімеде өзара ынтымақтастықты дамыту мәселелері мен оның болашағын сарапқа салған Нұрсұлтан Назарбаев пен Тони Блэр екі ел арасындағы сауда-экономикалық , іскерлік байланыстардың қарқынды дамып келе жатқанын ерекше атады. Бүгінге дейін Ұлыбританиялық компаниялар Қазақстан экономикасына 2,5 млрд. доллар көлемінде қаржы құйды. Осы орайда Бритиш газ, Бритиш Петролеум, БАЕ систем тәрізді компаниялардың іс-қызметі ерекше аталды.
Сондай-ақ, әңгіме барысында аймақтағы лаңкестікпен күрес ахуалы, соның ішінде Ауғанстан, Ирак және Иранға қатысты мәселелер талқыланды. Бұл тұрғыда Ұлыбритания мен Қазақстанның позициясы үндес екені белгілі.