«ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Жібек жолының инфрақұрылымдық қорын құру туралы идеясы өте маңызды. Қазақстан Азия құрлығының қақ ортасында орналасқандықтан біз Жібек жолы жобасының штаб-пәтерін Алматыға көшіру жөнінде ұсыныс енгізгіміз келеді. Азия мен Еуропа елдерін байланыстыра отырып, бұл бағыт әлемдегі ең ірі көлік жүйесі атанады», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы, «аграрлық секторға өзге де салалардағыдай қолжетімді көлік жүйесін құрудың маңызы зор және бұл Ұлы жібек жолын қайта жаңғыртуға қолайлы жағдай туғызады», — деп атап өтті.