Жарияланды: 460

Қазақстан президенті жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына келді

Астана. 21 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына келді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, Петропавловск қаласына келе сала президент Қызылжар ауданының Новоникольское ауылына аттанған. Солтүстік Қазақстан облысы өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық жағына маманданған. Мұнда Қазақстанның бүкіл ауыл шаруашылық өнімінің 13 пайызы өсіріледі және өңделеді. Новоникольское ауылында Нұрсұлтан Әбішұлы картоп өсірудің голландиялық технологиясының енгізілу нәтижелерімен танысып, "Карусель" атты мал сауу қондырғысы орнатылған сүт кешенін тамашалады. Мемлекет басшысы кешеннің ұйымдастырылуына жоғары баға беріп, таяу арада осы секілді бес сүт фермасы мен мал семіртетін екі алаңқай салынатынын атап өтті. "Осылайша, Астана, Петропавловск және елдің басқа да қалаларының маңында қуатты ауыл шаруашылық құрылымдары құрылады", - деді Н. Назарбаев. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, содан кейін президент астық жинау барысымен танысқан. Мемлекет басшысы мамырдың екінші онкүндігінде "Джон Дир" тұқым себу кешені еккен екі астық алқабында болды. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін