Қазақстан президентін Сириядағылар сапармен келеді деп күтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президентін Сириядағылар сапармен келеді деп күтуде

Қазақстан президентін Сириядағылар сапармен келеді деп күтуде

Астана. 17 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Сириядағылар сапармен келеді деп күтуде. Бұл туралы бүгін Сирия Араб Республикасының сыртқы істер министрі Уалид аль-Муаллим ҚР СІМ Марат Тәжинмен кездесуден кейін өткен брифингте хабарлады.

  • 17 Қыркүйек 2007
  • 411
Фото - Caravan.kz

«Менің сапарымның басты мақсаты — Қазақстан президентінің алдағы Сирия сапарына дайындыққа саяды», -деді Уалид аль-Муаллим. «Атап айтсақ, қазақстандық министрмен келіссөздер барысында біз екі жақты қарым-қатынастың нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру қажеттігін атап өтіп, сауда- экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі келісімдердің жобасын дайындау жайын талқыладық», — деді ол.

ҚР СІМ-нің мәліметінше, Қазақстан мен Сирия арасындағы тауар айналымы 2006 жылы 16,8 млн долларды, соның ішінде экспорт — $16 млн, импорт — $800 мың құрады. 2007 жылдың қаңтар-мамыр айларында тауар айналымы 15,5 млн долларды құрады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті