Республика үкіметінің атынан медальді мемлекет басшысына үкімет басшысы Кәрім Мәсімов табыс етті.
«Сіздің үзеңгілестеріңіз бен көмекшілеріңіздің атынан Астананың бас құрылысшысы, Қазақстанның бас құрылысшысы ретінде сізге медаль табыс етемін», — деді премьер. «Қазақстанның тәуелсіздігі сіздің атыңызбен тығыз байланысты, сондай-ақ, өзіңіз 1994 жылдың 6-шілдесінде қабылдаған астананы көшіру туралы шешім айтулы оқиға, үлкен істің бастамасы болды. Бүгінгі Астана Қазақстанның тәуелсіздік жолында жүріп өткен жолының белгісі іспетті», — деді ол.
«Астананың 10 жылдығы» мерейтойлық медалі — Астананың 10 жылдық мерейтойына орай президенттің 2008 жылдың 6-мамырындағы жарлығына сәйкес тағайындалған Қазақстанның мемлекеттік наградасы.
Еске сала кетейік, 6 шілдеде Қазақстан тұңғыш рет Астана күнін мемлекеттік мереке ретінде атап өтеді. Биыл республика Елордасын Алматыдан Астанаға көшіруге 10 жыл толады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті