Жарияланды: 650

Қазақстан президентіне "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын дамытуға қосқан зор үлесі үшін" алтын медалі табыс етілді

Бүгін, 10-маусымда- "Халықаралық олимп" байқауын ұйымдастыру комитетінің мүшелері - ТМД Атқару комитетінің төрағасы Юрий Яров пен Халықаралық тәуелсіз сарапшылар академиясының вице-президенті Александр Воловик Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Халықаралық сыйлықтың иегері деген атақпен қоса "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын дамытуға қосқан зор үлесі үшін" алтын медалін табыс етті ,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі

Астанадан. "Халықаралық олимп" байқауы мемлекетаралық байланыстар мен экономикалық интеграцияны нығайту , әр ел кәсіпкерлерінің арасында өзара тиімді әріптестік байланыстар орнату, өзара тату көршілікті нығайту мақсатында жыл сайын өткізіледі. Аталмыш халықаралық сыйлық иегерлерінің арасында Ресей президенті В.Путин, ғарышкерлер В.Терешкова мен П.Климук, жазушы Ш.Айтматовтар бар. Н.Назарбаев бұл марапатты өзінің интеграцияға бағытталған іс-әрекеттеріне берілген үлкен баға ретінде қабылдайтынын атап көрсетті. Осы орайда естеріңізге сала кетсек, Санкт-Петербург қаласында таяуда қабылданған шешімге сәйкес, мемлекет басшыларының 19-қыркүйекте Ялтада өтетін кезекті отырысында еркін сауда аймағын құрудың алғашқы сатысы аяқталғандығы туралы баяндама тыңдалып , шешім қабылданады деп күтілуде. Қазақстан мемлекет басшысының айтуынша, Біртұтас экономикалық кеңістік құру туралы Концепция құпталып, қабылданған. Соның нәтижесінде "төрттік" ТМД кеңістігінде тұңғыш рет Ұлттық деңгейден жоғары тұратын біріккен орган құру жөніндегі идеяны жүзеге асырды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть