Қазақстан президентінің алдағы Словакияға сапарын екі елдің сыртқы істер министрлері талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президентінің алдағы Словакияға сапарын екі елдің сыртқы істер министрлері талқылады

Қазақстан президентінің алдағы Словакияға сапарын екі елдің сыртқы істер министрлері талқылады

Астана. 27-қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Словакияға жұмыс сапарымен барады, деп күтілуде. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігіне Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінен хабарлады.

  • 27 Қыркүйек 2007
  • 361
Фото - Caravan.kz

Сыртқы істер министрлігінің ақпаратына сүйенсек, «24 қыркүйек күні Нью-Йоркте Біріккен Ұлттар Ұйымының 62-ші сессиясының жұмысы барысында Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі Марат Тәжин Словакияның сыртқы істер министрімен кездескен».

Словакияның сыртқы істер министрі Ян Кубишпен кездесу барысында Марат Тәжин Қазақстан Республикасы президентінің алдағы Словакияға сапарын талқылады. Дипломаттардың пайымдауынша, «Нұрсұлтан Назарбаевтың Словакия Республикасына сапары екі жақты қарым-қатынастардың дамуына, оның ішінде ірі инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асуына жаңа серпін бермек».

Сондай-ақ, кездесуде «фармацевтика өнеркәсібіне, машина жасауға, туризмге, энергетикаға, көлік және коммуникацияға өзара инвестицияның пайдалылығы аталып өтілді».

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Нұрсұлтан Назарбаевтың Словакияға сапарының нақты мерзімі қазіргі уақытта келісілу үстінде.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті