Жарияланды: 480

Қазақстан президентінің Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аяқталды

Астана. 21 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президентінің Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аяқталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ЗИКСТО АҚ кәсіпорнынан болғаннан кейін Елбасы Петропавловск қаласында а "Абылай хан ордасы" кешенінің ашылуына қатысты. Елбасы митингке жиналғандар алдында сөйлеген сөзінде: "Бүгін біз өткенді еске алып, тарихи ескерткіштерді қайта қалпына келтірудеміз. Бұған "Абылай хан ордасы" кешенінің ашылуы дәлел. Ол - елімізді жоңғарлардың шабуылынан қорғаған ұлы қолбасшы. Абылай хан саясатының арқасында қазақтардың басы қосылып, мемлекет сақталып қалды", деді. Нұрсұлтан Назарбаев мемориалдық кешеннің алдында орнатылған Абылай ханның ескерткішіне гүл шоғын қойды. Президент кешеннің қалпына келтірілуі қазақ халқының тарихы мен мәдениетін тереңдете зерттеуге қызмет етеді деген пікір білдірді. Бұл жерде 18 ғасырдағы құжаттар мен экспонаттар қойылған. Мұражай кешенінің бір ажырымас бөлігі "Атқа мінген Абылай хан" мүсін композициясы. Кешеннің жалпы аумағы бір гектардан асады. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, мемлекет абсшысы сонымен қатар Солтүстік Қазақстан облысының атқамінерлерімен кездесіп, әкім Серік Біләловтың өңірдің 7 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебін тыңдады. Президент облыс басшылығының алдына инфляцияны ауыздықтау, шағын және орта бизнесті дамыту, халықтың әлеуметтік жағынан аз қорғалған бөлігін қорғау мақсаттарын қойды. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін