Қазақстан президенттігіне кандидаттар ұсыну 15 наурызда аяқталады – ОСК - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президенттігіне кандидаттар ұсыну 15 наурызда аяқталады – ОСК

Қазақстан президенттігіне кандидаттар ұсыну 15 наурызда аяқталады – ОСК

 Бүгін Қазақстан орталық сайлау комиссиясы 2015 жылдың 26 сәуіріне белгіленген кезектен тыс президент сайлауына дайындық және өткізу жөніндегі негізгі күнтізбелік іс-шаралар жоспарын бекітті.

  • 26 Ақпан 2015
  • 310
Фото - Caravan.kz


«Осы жоспарға сәйкес, кандидаттарды ұсыну биыл 26 ақпанда басталып, 15 наурызда аяқталады», — деп ОСК басшысы Қуандық Тұрғанқұлов президент жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен қысқаша баспасөз мәслихатында атап көрсетті.
ОСК кандидаттарды тіркеу үрдісін барлық құжаттарды олар ұсынғаннан кейін бастайды және 25 наурызда аяқталады.
Кандидаттарды ұсыну құқығына белгілі тәртіппен тіркелген республикалық қоғамдық бірлестіктер, сондай-ақ өзін өзі ұсынатын азаматтар ие.