Қазақстан президенттігіне үміткер болған бірнеше адам ОСК үстінен сотқа арыз бермек - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президенттігіне үміткер болған бірнеше адам ОСК үстінен сотқа арыз бермек

Қазақстан президенттігіне үміткер болған бірнеше адам ОСК үстінен сотқа арыз бермек

Қазақстан президенті орнына үміткер болған, күрестен шығып қалған өзін- өзі ұсынған бірнеше адам ОСК бұзушылыққа жол берді деп санайды және оның үстінен сотқа арыз бермек.

  • 2 Сәуiр 2015
  • 357
Фото - Caravan.kz


Астанада бейсенбіде баспасөз мәслихатында 2011 және 2015 жылдары президенттікке өзін-өзі ұсынған, екі рет те мемлекеттік тіл жөніндегі сынақтан өте алмай қалған қоғамдық қайраткер Уәлихан Қайсаров атап өткендей, ол ОСК үстінен абыройын қорлағандығы үшін арыз бермек.
Оның айтуынша, ОСК таратқан мәлімдемеге қарағанда, У.Қайсаров арызында өзін басқа елдің азаматымын, деп көрсетіпті.
"Мен олай жазған жоқпын, дәлелім бар, Жоғарғы сотқа ОСК үстінен арыз бермек ойым бар”, деді ол.
Мемлекеттік тіл бойынша сынақтан өтпеген басқа үміткер Есенбек Үктешбаев болса ОСК лингвистикалық комиссиясы “Сайлау туралы” заңның 3-бабының 3-тармағын бұзды, дейді.
"Емтихан тапсыру кезінде менің құқым шектелді деп санаймын” деді ол.
Қоғамдық қайраткер Мұсағали Дуамбеков болса төрт жыл бұрын өткен президенттік сайлаудағы олқылықтар осы жолы да орын алып отыр деп санайды. "Кандидатты қолдап қол қойылатын қағаздарды қалай жинау керектігі реттелмеген”, деді ол.
Баспасөз мәслихатының спикерлері мемлекеттік органдарға сайлау туралы заңға түзетулер енгізу туралы тізім дайындапты. Олар кандидатты қолдап қол жинауға керек адам санын азайтуды ұсынып отыр.
Сонымен қатар олар қол жинау үшін белгіленген уақыт бір айдан кем болмауға тиіс деп санайды, лингвистикалық комиссия жұмысына БАҚ қатыстыруды ұсынады және сайлауға қатысу үшін жарна төлеу талабын алып тастауды ұсынып отыр.Қазір президенттікке кандидат ОСК есебіне сайлауға қатысу үшін 1 млн 60 мың теңге көлемінде сайлау жарнасын аударуы шарт.