Қазақстан «Протонның» құлауы салдарынан келген экологиялық залалды Ресейден өндіріп алмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан «Протонның» құлауы салдарынан келген экологиялық залалды Ресейден өндіріп алмақ

Қазақстан «Протонның» құлауы салдарынан келген экологиялық залалды Ресейден өндіріп алмақ

Қазақстан «Протон М» зымыран тасығышының апатқа ұшырауы салдарынан келтірілген экологиялық шығынды Ресейден өндіріп алуды көздеуде. Бұл туралы Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров мәлімдеді.

  • 4 Ақпан 2014
  • 686
Фото - Caravan.kz

«Бізде «Роскосмос» басшылығымен әңгіме болды, олар бұл хатты алып, қарастыруда, сондықтан олардың әрекетін күтіп отырмыз, оларға үнемі ескертудеміз. Мәселе оңай емес, біз талабымыздан таймаймыз», — деп Н.Қаппаров бүгін президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен қысқаша баспасөз мәслихатында атап көрсетті.

Ол өз ведомствосы бұл мәселені мұқият бақылауда ұстап отырғанын айтады. «Біз 13,6 миллиард теңге өндіру туралы талап қойдық» — дейді министр.