Жарияланды: 1300

Қазақстан психикалық және мінез-құлық ауытқуына ұшыраған 287 мың 545 науқас тіркелген

Бүгінде Қазақстан Республикасында ішімдік пен есірткіге әуестік салдарынан пайда болатын психикалық және мінез-құлық ауытқуына ұшыраған 287 мың 545 науқас тіркелген . Олардың 67 мың 402-сі жасөспірімдер.

Бұл туралы бүгін, 5-маусымда Алматыда басталған "Психиатрия мен наркологияның өзекті мәселелері" тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда ҚР денсаулық сақтау министрлігінің бас психиатры Наиля Измаилова хабарлады. "Кәсіби дәрігерлер мен арнайы психиатриялық кабинеттер саны Қазақстанда өте баяу өсіп келеді",- деді ҚР денсаулық сақтау министрлігінің бас психиатры. Атап айтсақ, 2000-жылы Қазақстанда 36 психотерапевтік кабинет пен 48 психотерапевт дәрігер тіркелсе, 2002-жылы кабинеттер саны 46-ға, арнаулы категориялы дәрігерлер саны 58-ге дейін өскен. Н.Измаилованың айтуынша, психотерапияның Қазақстандағы ең өзекті мәселесіне дәрігерлердің мүлдем қорғалмауы жатады. "1992-жылдан 2002-жылдар аралығында Қазақстан Республикасында психиатриялық көмек саласында 50-ден астам құқықтық заң актілері қабылданды. Соның нәтижесінде психикалық ауытқуға шылдыққан науқастардың құқығы заңда жан-жақты қорғалды. Алайда оларда психиатр дәрігерлердің құқығына қатысты бір де бір пункт жоқ, сол себепті осы саладағы заң актілеріне өзгерту енгізіп, дәрігерлер құқығын қорғау керек",- дейді Н.Измаилова.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть