Жарияланды: 460

Қазақстан Қарулы күштерінің дайындығына биыл 12,5 млрд теңге жұмсалды - ҚР Қорғаныс министрлігі

Астана. 21 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Қарулы күштерінің дайындығына биыл 12,5 млрд теңге жұмсалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бюджет қаржысын қайта бөлу 2007 жылы қарулы күштерді дайындауға жұмсалған шығындарды үш есе арттыруға (10,6 млрд теңгеге дейін), ал биыл оларды 12,5 млрд теңгеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді",- деп хабарлайды баспасөз қызметі. "Ағымдағы жылдың 10 айында 2 мыңнан астам офицер дайындықтан өтті, жылдың аяғына дейін олардың саны 3 мыңға дейін өседі. 2007 жылы небәрі 116 офицер дайындалған. 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап бүгінге дейін шарт жасасқан әскерилердің саны 15%-ға, 3827 адамға дейін өсті", делінген хабарламада. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін