Жарияланды: 610

Қазақстан қазір Оңтүстік Осетиядағы жағдайды айрықша жіті қадағалап отыр - Ашықбаев

Астана. 11 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан қазір Оңтүстік Осетиядағы жағдайды айрықша жіті қадағалап отыр. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

"Шиеленістің салдарынан көптеген адамның құрбан болуы біздің үлкен өкінішімізді тудырады", - деді Е. Ашықбаев. Ал даулы аймақтағы Қазақстан азаматтараныа келсек, "Грузиядағы Қазақстан елшілігі еліміздің сондағы барлық азаматтарымен дерлік тікелей байланыс орнатқан. Ондай 100 жуық адам бар. Олар - Қазақстандық дипломаттар, Грузияда жұмыс істейтін Қазақстан азаматтары, олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ, туристік және басқа да мақсаттармен сонда жүрген адамдар. Дәл қазір оларды көшіру жоспарланған жоқ, алайда, қажет болған жағдайда лайықты шаралар қолданылады",- деді Е.Ашықбаев. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін