Қазақстан қор биржасында теңгенің долларға шаққандағы орташа бағамы 119,65 теңгені құрады
Алматы. 17 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - 17 қыркүйек - сәрсенбіде Қазақстан қор биржасында (KASE) теңгенің орташа бағамы сейсенбідегі көрсеткішпен салыстырғанда 0,17 теңгеге арзандап, бір долларға шаққанда 119,65 теңгені құрады. |
Бүгін АҚШ доллары бойынша Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық көлемі 443,780 млн долларды құрады. Ал сейсенбіде АҚШ валютасы бойынша сауда көлемі 235,925 млн долларды құраған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін