Қазақстан қор биржасында теңгенің долларға шаққандағы орташа бағамы 147,30 теңгені құрады
15-қазан - сәрсенбіде Қазақстан қор биржасында (KASE) теңгенің орташа бағамы сейсенбідегі көрсеткішпен салыстырғанда 0,09 теңгеге арзандап , бір долларға шаққанда 147,30 теңгені құрады. Бүгін АҚШ доллары бойынша Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық көлемі 14,460 миллион долларды құрады. Ал сейсенбіде АҚШ валютасы бойынша сауда көлемі 4,925 млн. долларды құраған болатын. |
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін